Қазақ метрологиясына 100 жыл толды
Астанада Қазақстандағы метрологияның 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Жиынға Қазақстан метрологиясы саласында жұмыс істейтін 300-ден астам ғалым, зерттеуші, сарапшылар мен практиктер қатысты. 15 елден делегаттар мен метрология бойынша халықаралық ұйымдардың көшбасшылары келген. Олар саладағы қордаланған мәселелер бойынша кеңесіп, метрологияны дамыту жайын талқылады.
Гүлайхан Сүйеубаева, Қазақстан метрология институтының мемлекеттік эталондар департаментінің басшысы:
- Бұл конференцияның мақсаты метрологияның әлемдік деңгейдегі маңыздылығын көрсету. Метрологияны цифрландыру. Қазір цифрландыру өте үлкен ауқымда жүріп жатыр.