Абай облысында орманы өртенген ауылдың халқы үйіне оралды

Абай облысындағы алапат өрттің беті қайтты.

Бұдан екі күн бұрын эвакуацияланған Березовка санаторийі ауылы тұрғындары үйлеріне орала бастады. Жалпы отпен күреске 10 тікұшақ, 1 өрт сөндіру пойызы, өзге де 201  техника және  852 адам жұмылдырылған. Болжам бойынша 3 жарым мың гектар алқап жанып кетті. Айта кетейік, бүгін Абай облысының Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.