«Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің оқыту курстары аяқталды

Бұл жолы жобаға 170-тен астам адам қатысқан.

Енді олардың арасынан 16 жоба іріктеліп алынып, үшеуіне қаржылай қолдау көрсетілетін болады. Үздік үштікке ілінгендерін сарапшылар тобы таңдайтын болады. Бұл жобалардың қатарында Арт-терапия, ауыл жастарына арналған иппотерапия сынды әлеуметтік жобалар бар. Жалпы «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің жұмыс істеп жатқанына 3 жыл уақыт өткен. Осы аралықта 500-ден астам үкіметтік емес ұйымның өкілдері оқып үлгерген екен.  

Арман Ақбердиев, бизнес тәлімгер: 
- Әлеуметтік кәсіпкерлер үкіметтен беріліп жатқан 5 млн грантқа қатысуға мүмкіндік бар. Тағы 10 млн-дық гранттар ашылып жатыр және қаржылық көмектер, кредиттер сол жобалардың барлығына қатысуға мүмкіндіктері бар.