Семейде халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
Абай облысының тұрғындары енді төлқұжат пен куәлікті бір күннің ішінде алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Семейде 70 мың тұрғынға арналған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Жаңа цифрлық кеңседе барлық жағдай жасалған. Ана мен бала бөлмесі де бар. Ғимараттың кіреберісіне постаматтар орнатылғаннан кейін дайын құжаттар тәулік бойы берілетін болады.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Семей жаңа облыс болып қалыптасқандықтан, осындай орталықтар керек. Мен ойлаймын, осындай жаңа ғимараттар келесі жылы барлық аудандарда ашылады. Халыққа қызмет орталықтарының жаңа форматы жаңа деңгейге шығуы керек.