Ақтөбеде жас инспекторлар слетіне 100-ге жуық оқушы барды
Ақтөбеде мектеп оқушыларының қатысуымен жас инспекторлар слеті өтіп жатыр.
Балалардың жолда жүру қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған шараға өңірдегі білім ұяларынан 100-ге жуық үміткер келді. Олар жол қозғалысы ережесін білу, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші секілді 9 кезеңнен тұратын байқауда бақ сынап жатыр. Мақсат – оқушыларға сақтық шараларын үйрету. Себебі жыл басынан бері өңірде балалардың қатысуымен 35 жол-көлік оқиғасы болып, бес жасөспірім қаза тапқан. Тағы 42 адам түрлі дене жарақатын алыпты. Бұл полиция қызметкерлерін де алаңдатып отыр.
Қанат Әлиев, ПД Бастығының бірінші орынбасары:
- Қазір енді өздеріңізге белгілі бәрі жаздық каникулға кетеді. Сол себептен біздің тағы жоспарларымыз бар. Мына лагерьлерде осындай іс-шараларымызды әлде де жалғастырамыз, өткіземіз. Себебі бұларға тағы да айта керек мына мүдделі ведомстволар және де ата-аналар, соның ішінде жүргізушілердің осы мәселеге назарын аудару керек.