Еліміздегі 27 электр станциясындағы тариф 24%-ға дейін өседі

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Министрлік тарапынан «тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы қолға алынған. Соның аясында саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және сол арқылы жабдықтардың тозу деңгейін кемінде 15 пайызға төмендету көзделіп отыр.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Үкімет тез арада шешім қабылдап, Риддердің жағдайын жөндеп беретін болады. Бұл ақша тарифке қосылмайды. Екібастұз қаласына келетін болсақ, екі тараптан ақша салынып жатыр қазір. Бір тарап өзінің меншік егесі салып жатыр, екінші жартысын, тең жартысын бюджет салып жатыр.