Қазақ Радиосы балаларға қуаныш сыйлады
Елордадағы Қазақ радиосы көшесінде балалар мерекесі тойланды.
Ұлттың үн жариясының 100 жылдығына орай ашылған көшедегі бұл - алғашқы думанды шара. Балалар күнінде жергілікті өнер мектебінің шәкірттері ән шырқады. Домбыра, қобыз, жетігенде ойнап, қазақ халқының асыл мұрасынан шашу шашты. Кішкентай көрермендерді түрлі мультфильм кейіпкерлері де қуантты. Ашық аспан астындағы мерекелік шара балалар мен ата-аналарға ерекше көңіл күй сыйлады.
Назгүл Ахметова, Астана қаласы, Есіл ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:
- Аталған іс-шараны өткізуге бізге Қазақ радиосы ұсыныс тастады. Біз бұл іс-шараны ұйымдастыруға қуана қолдадық. Аталған мерекенің мақсаты - балалар қорғау мерекесін сезінуге баулу.
Кәусар Ардаққызы, оқушы
- Барлығы жақсы. Маған концертте біз қыздың әні ұнады, ағылшынша ән. Мен өзімнің достарыма өмір жастарың ұзақ болсын, оқу жылын жақсы аяқтап, жаз құтты болсын деймін. Балалар мерекесі құтты болсын.