Балалардың қауіпсіздігі – күн тәртібіндегі басты мәселе
Оқу жылы басталғанға дейін елдегі балабақша, мектеп және колледждерді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі – күн тәртібінде тұр. Бұл тұрғыда жұмыстар жүріп жатыр. Мұны Оқу-ағарту министрі, «Берік Уәлимен бетпе-бет» бағдарламасында мәлімдеді. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, барлық білім мекемесі бейнебақылау және дабыл тетіктерімен қамтылады. Сондай-ақ, министр арнайы мониторнинг топ білім ордаларындағы қауіпсіздік жабдықтарын тексергенін атап өтті.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Басты күн тәртібіндегі тұрған мәселелердің бірі – бұл балалардың қауіпсіздігі. Бұл білімнен де жоғары тұрған дүние. Өйткені әр баланың өмірінің қауіпсіздігі аса маңызды. Мектептерде, білім мекемелеріндегі тиісті жабдықтармен жабдықтау мәселесі наурыз-сәуір айларында үлкен тексерістен өтті біздің тараптан. Сол арқылы әр өңірдегі осы жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін әртүрлігін айқындаық.