Бішкекте «Ала-ТОО» әзіл-сықақ сайысы өтті
Қазақстан мен Қырғызстан құрама командалары сахнада бақ сынасты.
Бауырлас елдер арасында өткен өнер жекпе-жегі астарлы әзілдермен ерекшеленді.
4 қырғыз және 4 қазақ құрамасы. Әзіл алаңында бұрын-соңды мұндай форматта жарыс болмаған. «Ала-ТОО» көктемгі халықаралық кубогы екі елдің кіл мықтыларын жинады. Астарлы әлі мен ерекше импровизация көрерменнің көңілінен шықты.
Марат Тағаев, Қырғызстан мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары:
- Қазақ және қырғыз тілдері өте ұқсас, сондықтан менің ойымша, әзілдер бәріне түсінікті болады және шын жүректен күлуге ешқандай кедергі болмайды. Сонымен қатар, бізге мықты КВН ойыншылары келгендіктен, командаларға жақсы ойын тілеймін, ал көрермендерге бүгін кешке үлкен рахат тілеймін.
Қазақстаннан барған 4 топ: Астана, Алматы, Шымкент және Тараз құрамасы. Қазылар алқасы бұл кездесудің ерекшелігі – екі елдің көрерменіне түсінікті болуында дейді.
Есен Елеукен, «Қазақстан КТА одағының» президенті:
- Бұл кубок «Ала-ТОО» деп бекер аталмаған. Бұл біздің тауларымыз, олардың жанында бауырлас деп саналатын екі халық тұрады. Дәл осы қағида бізді біріктіреді, өйткені саясаткерлер өз деңгейінде, экономистер өз деңгейінде кездеседі және біз жастар шығармашылығымен бірігеміз деп шештік және біз мұны істей алдық. Көп рахмет.
Қай құрама жеңеді екен деп келген көрермен, «нәтиже тең» дегенде, таң қалды. Демек, достық жеңді. «Қонақ келсе, құт» дейтін бауырлас ел, жол беріп, Қазақстан құрамасына «Ала-ТОО» халықаралық кубогын табыс етті.
Авторлары: Сымбат Ғалымжанқызы, Бақыт Чермашев