Қарағандыда рәміздер жасайтын кәсіпорын жаңа технологияны енгізбекші
Қарағандыдағы Елтаңба мен Ту жасайтын жалғыз кәсіпорын жуырда өндірістік желісін жаңғыртып, жаңа технология енгізбекші. Осылайша өнім сапасын арттыруды көздейді. Қазіргі күні олар еліміздегі мемлекеттік мекемелердің шамамен 90 процентін қамтамасыз етіп отыр. Бәсекелес жоқ, осы саладағы монополист десе болады. Себебі мемлекеттік рәміздерді өндірушілерге қойылатын талап жоғары екен. Кәсіпорын айына 1 500 ту, 500 елтаңба жасайды. «Мемлекеттік рәміздерге берілетін кепілдік мерзімі әзірге 3 жыл, келешекте 5 жылға ұлғайтсақ», - дейді.
Жанат Киембаев, кәсіпорын директоры:
- Далада ілініп тұратын Елтаңба бар ғой, соған 1 жыл береміз. Кабинетный деп айтамыз, оған 3 жыл гарантия береміз. Көлемдері әр-түрлі болады. 120 миллиметрден бастап 3 метрге дейін болады Елтаңба. Тудың ең кішкентайы 1,2 метр, ең үлкені 10-20 метр.