Қазақстан ауаны ластайтын көміртекті барынша азайтуды көздейді

Қазақстан таза ауаны ластайдын көміртек шығарындыларын 9 млрд тоннаға дейін азайтпақ жоспарда.

Ол үшін 610 млрд АҚШ доллары қажет. Бұл жөнінде бүгін ECOJER III Халықаралық конгрессі барысында экология министрі Зульфия Сүлейменова атады. Ведомство басшысының сөзінше, СО2-ні азайту үшін энергетикалық секторды трансформациялау мен жаңа технологиялар енгізу көзделген. Айта кету керек, елде 2025 жылдан бастап ең ірі деген кәсіпорындар атмосфераға тасталатын зиянды қалдықтарды төмендету үшін тың технологияларға көшулері қажет. Экология министрлігі ауаны ластайтын осындай 50 алпауыт компанияны анықтаған екен. Егер олар 2 жылдан кейін жаңа технологиялар орнатпаса, мемлекетке төлейтін экологиялық салық та жыл сайын 2 есе ұлғайып отырады. 

Зульфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Биылғы жылы біз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету бойынша стратегияны қабылдаған болатынбыз. Яғни осы стратегия шеңберінде біз өзіміздің нақты парниктік газдар шығарындыларын төмендетіп, сонымен қатар олардың абсорбциясын жоғарылату бойынша тиісті шараларды қамтиды.