«Өзенмұнайгаз» компаниясында 160 заңбұзушылық пен сәйкессіздік анықталды
Астанадан барған арнайы комиссияның Жаңаөзендегі тексерісі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әзірге «Өзенмұнайгаз» компаниясының 17 өндірістік құрылымдық бөлімшесі мен 8 мұнай сервис ұйымы және 30 мердігер мекеме қызметі талданды. Нәтижесінде 160 заңбұзушылық пен сәйкессіздік анықталды. 101 факті бойынша жауапты тұлғалар жазаланады. Тағы 10 факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарына жіберілген істер де бар.
ҚазМұнайГаз басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов комиссия жұмысы әлі де жалғасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, көптеген заңбұзушылық бойынша қызметтік тергеулер жалғасып жатыр.