Шәкен Ниязбековтің туған ауылында оның 85 жылдығына орай шара өтті
Биыл Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтің туғанына 85 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған орай тұлға туған ауылда ерекше шара өтті. Алдымен аудан жастары көк байрақты алып, 17 көлікпен елді мекендерді аралап автотур ұйымдастырды. Одан соң «Ту тұғыры» монументінде Әнұран шырқап, концерт қойылды. Суретшінің көзін көргендер еңбегі жайында сөз сөйлеп, мектеп оқушылары арнауларын айтты.
Айта кетерлігі, осыдан 2 жыл бұрын Шәкен Ниязбековтың есімі өзі туған ауылға берілген болатын.
Байбатыр Мыхаев, Ш.Ниязбековтың немере інісі:
- Шетелдің барлық туын сараптады. Кімдікі қандай, қандай мағынада? Сонымен 2 айдың көлемінде істеп бітірді ол. Шәкен Ниязбеков туын ең соңында, конкурс бітейін деп қалғанда, мерзімі өтейін деп қалған кезде алып кеп өткізген. Сол кезде бәрібір ілікті.
Арайлым Аянбай, оқушы:
- Мен осы ауылда тұрғаныма қуанамын. Себебі біздің ауыл барша қазақстандықтардың мақтанышы деп айтсақ болады. Бұл ауылда Шәкен Ниязбеков атамыз дүниеге келді. Көк байрағымызды, яғни туымызды осы қазақстандықтарға танытты десек болады. Біз көк туымыз бен Шәкен Ниязбеков атамызбен мақтанамыз.