Мемлекеттік ту қалай әзірленеді және оның күтімі қандай?
Елорданың ең үлкен туы жылына 3 рет ауыстырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Байрақ Атамекен этно-мемориалдық кешенінің аумағында орналасқан. Оның көлемі – 450 шаршы метр. Мемлекеттік рәміз мұнда 14 жыл бұрын қойылған. Оны Астананың кез келген жерінен көруге болады. Ал енді осы елдің ең үлкен символының күтімі қандай?
Бұл көк байрақтың салмағы 90 келідей. Мамандардың айтуынша, жалаудың әр бұрышы әбден өлшеніп, барлық талап қатаң сақталған. Ту жақын күндері елорда аспанында желбірейді. Ерлан Сатжанов бірнеше жылдан бері мемлекеттік рәміздердің күтімімен айналысады. Осы жылдар ішінде ол бұл істің қыр-сырын біліп, озық әдістерін меңгерген.
Ерлан Сатжанов, күтім жасау компаниясының директоры:
- Тудың матасы 100% полиэфирной мата дейді. Өлшемі – 15х30. Бізде арнайы аппарат бар, мөрмен басып шығарылады. Сол матаға бастырылып, біздің цехта тігіледі.
Сарыарқаның ауа райы тұрақсыз болғандықтан, Туды күтіп ұстаудың да өз машақаты бар. Оны сыртынан күн құрғатпай үнемі бақылап отыру қажет. Синоптиктердің де болжамына жиі құлақ асу керек. Желді күндері туды тұғырынан төмен түсіруге тура келеді.
Ерлан Сатжанов, күтім жасау компаниясының директоры:
- Синоптиктерден қарап отырамыз желдің бағытын. Желдің бағыты көтеріле бастағанда, біз оны үсіреміз. Сосын жауын-шашында түсіреміз. Себебі мата өте ауыр, жыртылып қалады. Жыртылып қалған жағдайда қалпына келтіруге жібереміз. Ту әрқашан көтереліп тұрады, түсірмеуге тырысамыз. Табиға жел-жауын шашан болып кетпесе.
Қазір мекеме қызметкерлері мемлекеттік рәміздер күніне қызу дайындықты бастап кетті. Ертең дәстүр бойынша Астананың басты Туы 111 метр жоғарыға көтеріліп, мерекелік эстафета елдің басқа қалаларына жолданады.
Авторлары: Бекзат Аманов, Томирис Билял, Ерлан Наурызбаев.