Астана халықаралық форумына дайындық жүріп жатыр
Сыртқы саясат, қауіпсіздік және тұрақтылық, энергетика, климат, экономика және қаржы.
Астана халықаралық форумына өзек болар тақырыптар – осы. Форум Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 8 мен 9 маусым аралығында елордада өтеді. Бұл – халықаралық ұйымдардың, бизнес өкілдерінің және ғалымдардың диалогы үшін таптырмас алаң, - дейді, сарапшылар.
Ринат Бектұров, АХҚО басшысы:
- Бұл – жаңа алаң. Бұның деңгейі басқа деп ойлаймын. Біз тек қана экономикалық мәселелер емес, көптеген бүгінгі таңда ғаламшарды, соның ішінде Қазақстанды мазалап отырған сын-сұрақтарды талқылаймыз.