Астана форумына Нобель сыйлығының лауреаты қатысады

Астана халықаралық форумы жаңа әлемдік тәртіпті дамытуға мүмкіндік береді.

Бұл белгілі ғалым Рае Квон Чунгтің пікірі. Форумында Нобель сыйлығының лауреаты бірнеше баяндама жасамақ. Сондай ақ, профессор климаттық дағдарыс кезінде экономиканы өркендету мен жұмыс орындарын құру туралы айтады. Сонымен қатар, ол Қазақстанда көмірқышқыл газының көлемін азайту туралы өз ойымен бөліседі. Рае Квон Чунг Қазақстанға алғаш рет 2006 жылы келген. Осы аптада Астанада белгілі саясаткерлер мен сарапшылар жаһандағы маңызды мәселелерді талқылайды.

Рае Квон Чунг, Нобель сыйлығының лауреаты:
- Менің ойымша, қазір Қазақстан ішкі және жаһандық сын-қатерлердің алдында тұр. Бұл жаһандық сауда, дипломатиялық және халықаралық қатынастар өте күрт өзгеріп жатқан күрделі халықаралық жағдайға байланысты. Демек, Қазақстан үкіметіне оңай болмайды. Астана халықаралық форумы Қазақстанға осы мәселелерді шешудің болашақтағы іс-қимыл бағытын әзірлеуге өте маңызды мүмкіндік береді деп ойлаймын.