Конституциялық реформаға 1 жыл толды
Бір жыл бұрын өткен республикалық референдумның маңызы зор.
Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Арман Тоқтұшақов ауқымды конституциялық өзгерістерді негізгі 4 бөлікке бөліп қарастыруға болатынын айтты. Біріншісі, адамдар құқығын қорғау механизмін күшейту. Бұл - Конституциялық сот құру, омбудсменнің құқықтарын кеңейту арқылы жүзеге асырылды. Екіншіден, Парламенттің мәртебесі көтерілді. Ал жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасының жылына 2 рет депутаттар алдында есеп беруі – ауқымды өзгерістің бірі. Үшіншіден, жергілікті билік өкілдерінің дәрежесі күшейтілді. Сондай-ақ, түзетулердің төртінші бөлігіне монополиядан арылып, бәскелестікті дамытатын қадамдарды жатқызуға болады.
Арман Тоқтұшақов, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:
- Қабылданған конституциялық түзетулердің басты мақсаты, реформаның міндеті қолданыстағы мемлекеттік үлгінің жүйелі трансформациясын көздегенін атап өту керек. Былтыр Президент партиядан шыққанын білеміз. Бұл норма бір ғана партияның басқа да саяси ұйымдар алдында артықшылығының болмауын, партияларға тең құқық берілуін көздейді. Парламенттік сайлауда бұл іске асырылды.