Елордада қаржы күндері өтеді
Ертең осымен алтыншы рет бас қалада Қаржы күндеріне арналған ауқымды іс-шара өтеді.
Сала майталмандары жиналып, маңызды мәселелерді талқыламақ. «Шара аясында келісімшарттар жасалып, меморандум қабылдануы мүмкін», - дейді мамандар. Бұған дейін болған Қаржы күндері нәтижесіз емес. Елімізге инвестиция тартылып, шетелдік мамандар қызығушылық танытқан.