Отбасылық жанжал: биыл 302 қылмыс тіркелді
Тұрмыстағы әлімжеттіктің үштен бірі денсаулыққа қасақана зардап келтірумен аяқталды.
Жыл басынан бергі статистикаға үңілсек, отбасылық ұрыс-керіс кезінде 302 қылмыс жасалған. 106 жағдайда зардап шеккен адам ауыр жарақат алды. Былтырғы жылдың төрт айында осындай 117 жағдай болған. Тағы 100 қылмыстық істе адам денсаулығына орташа ауыр дәрежедегі зардап келтірілген. Тұрмыстағы жанжал кезінде аңдаусызда кісі өлтірудің 33 оқиғасы, абайсыз денсаулыққа зиян келтірудің 9 дерегі тіркелген. Ең көп қылмыс Павлодар облысында жасалды. Одан кейін Алматы облысы мен Астана қаласы тұр. Тұрмыстық зорлықтың анти-рейтингінде Қостанай мен Қарағанды облыстары да бар. Ал Абай, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында үйдегілерге қол көтеру дерегі аз тіркелген.