Қостанайда сот мердігерге 300 мың түп ағаш егуді міндеттеді
Осыдан екі жыл бұрын прокуратура қалалық триатлон саябағында 15 мың түп жасыл желектің заңсыз оталғанын анықтады.
Енді жауапкер бір шақырым аумақта кесілген бір ағаштың орнына жиырма тал егуі шарт. Бұл шешіммен мердігер ғана емес, қалалық әкімдік те келіспей отыр. Себебі «ондай аумаққа мыңдаған көшетті сыйдыру мүмкін емес», - дейді. Одан бөлек, ағаштың қай түрін егу керектігі де көрсетілмеген. Ең бастысы егілген көшеттерді кім күтіп баптайды? Ол жағы да белгісіз. Қалалық әкімдік өкілдері жауапкерге басқа жұмыс қарастырып жатыр. «Жол айрығын абаттандыруды міндеттесек», - деген жоспар бар. Бірақ бұл мәселені де сот арқылы шешуге тура келеді.
Данияр Сәбитов, қалалық ТКШ, Жолаушылар көлігі және автожол бөлімінің басшысы:
- Шешімді қайта қарау керек. Ол үшін тағы хат жазысамыз. Мүмкін айналма жол айрығын жөндетерміз. Немесе басқа жұмысты тапсырармыз. Оны енді сот арқылы анықтауға тура келеді.