Француздар Қазақстанда жасыл технологияларды арттырмақ ойда
Француздар Қазақстанда жасыл технологиялардың үлесін көбейту үшін инвестиция көлемін арттырмақ ойда.
Бұл жөнінде бүгін Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған «Декар-бонизация күнінде» айтылды. Екі мемлекет 2050 және 2060 жылдарға қарай көміртегі бей-тараптығына қол жеткізу міндетін қойып отыр. Кәрі құрлық өкілдерінің жасыл технологияларды жүзеге асырудағы тәжірибесі мол. Сондықтан қазақстандық мамандар француздармен ынтымақтастықты дамытып, бірлескен жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, елдегі 14 ірі компания ауаға тасталатын зиянды қалдықтарды қадағалаудың автоматты жүйесін енгізген. Жақын арада бұлардың қатарына 33 кәсіпорын қосылмақ.
Ілияс Оспанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
- Қаражат ұсыну бойынша біз қазір тетіктерін іздеп қараудамыз. Инвесторларды базалық энергия дейді ғой, энергия көзі бар. Қазіргі таңда бізде 2 ірі жоба іске асыру көзделіп отыр. Жасыл водород шығаратын болса, ол мынау қазір алтын көзі ретінде. Көптеген инвестициялар осы Қазақстанға келіп, соны қолданып өнім шығарған кезде бүкіл елдерге тасымалдай алатын мүмкіндігі болады.