Павлодарда мердігер ұйым өкілдері ескерткіштерді қара түске бояп тастады

Жұмысшылардың бұл әрекеті жергілікті халықтың наразылығын тудырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, ақын Павел Васильевтің 3 метрлік қола бюсті қою қара сырмен боялған. Даңқ аллеясындағы Кеңес Одағының батырларына арналған мүсіндер де осылай. Мамандардың айтуынша, мердігер ескеркіштерді күтіп-баптау технологиясын бұзған. Ереже бойынша қара түс қарастырылмаған. Қазір жауаптылар олқылықты жойып жатыр.

Айта кетейік, биыл облыс орталығындағы ескерткіш аумақтарын абаттандыруға 50 млн теңге бөлінген. Қалада 20-дан астам ескерткіш бар. 

Арман Құсайынов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:
- Мердігер ұйым өз қаражаты есебінен олқылықтарды жояды. Компания жұмыскерлері ескерткіштерді жөндеу бойынша қажетті технологияларды сақтамай, жұмыстарын сапасыз жүргізген. Біз өз тарапымыздан ескерту жасап, ресми хат жолдадық.