Қызылорда облысында жаңа нысандар бой көтереді
Қызылорда облысында ауқымды құрылыс жұмыстары жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биыл 40-тан астам жаңа әлеуметтік нысан бой көтеретін болады. Мұны аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді. Оның айтуынша, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелері нысандарының салынуына басымдық беріледі.
Биыл облыс бюджеті 593 миллиард теңгеге жетті. Оның 300 миллиардтан астамы әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Сәйкесінше, бірқатар жаңа әлеуметтік нысан салу жоспарланып, 30-ға жуық медицина және 20-дан астам білім ордасының құрылысы басталды.
Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:
- Облыста 27 денсаулық сақтау нысаны салынады. Биыл біраусымда 100 келішуге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Құны 36 млрд 400 млн тұратын аурухана 2025 жылы ел игілігіне беріледі. Құны 7 млрд 9 млн теңгені құрайтын мектеп интернатының құрылысы басталды. Осы тізімге облыс бойынша 1775 орынға лайықталған 4 мектептің қосымша құрлысы енгіздік.
Өткен жылы өңірде «шыны зауыты» іске қосылған еді. Бүгінге дейін мұнда 32 мың тоннадан астам шыны өндірілді. Қазір зауыт өнімі отандық және шетел нарығында сұранысқа ие болып отыр. Енді нысан жанынан тағы 3 ілеспе кәсіпорын құру қолға алынды.
Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:
- Ағымдағы жылдың 4 айында 3,5 млн текше метр шыны өнімі өндірілді. Зауыт өнімі республикамызбен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейге экспортталып жатыр. Қазір шыны зауытының жанынан 32,8 млрд теңгені құрайтын 3 ілеспе кәсіпорын ашылады.
Облыста 240 мегаваттық жылу электр орталығы іске қосылады. Құны 200 миллиардтан асатын осы және қолға алынған өзге де құрылыс жұмыстары 2025 жылға дейін аяқталады деп жоспарланған.
Авторы: Альмира Оразбай.