Қ.Тоқаев: Қазақстан инвестиция тартуды жалғастырады
Қазақстан шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырып, бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасайды.
Астана халықаралық форумында сөз сөйлеген Президент осылай деді. «Қазақстан бұрыннан Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы алтын көпір саналады. Көп жағдайда бұл форум ұлы Еуразия даласының мәдениетіне, тарихына сай келеді. Біз осынау мұрамызды мақтан тұтамыз. Геосаяси қиындықтарға қарамастан, Қазақстан Орталық Азияда да, экономикалық локомотив қызметін атқарып отыр», - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
«Қазақстан бұрыннан Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы алтын көпір саналады. Біз шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырамыз және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз».