Су мен климаттың өзгеру мәселесі қаралды
«Арал теңізін қорғау» қорын қолдауға көбірек қаржы бөлу керек.
Бұл туралы Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Осы тұста Президент 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынды. Айтуынша, Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Су мен климаттың өзгеру мәселесі бір ғана елдің проблемасы емес. Сондықтан бұл мәселенің шешімін бірлесіп қарастыру қажеттігін алға тартты. Себебі, Орталық Азия су қауіпсіздігін сақтау, тығыз әріптестік пен бірлескен тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ. Сонымен қатар, елімізге «жасыл» экономиканың мол мүмкіндіктерін пайдалану үшін ресурстар мен серіктестік байланыс қажет екендігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
«Аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін мен Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарды тарта отырып, 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынамын».