«Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы әлеуметтік жобаларға көп көңіл бөледі

Қоғамда бизнес өкілдері әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуі жағымды трендке айналып келеді.

Солардың ішінде «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы жас буынға барынша көңіл бөлуде. Әсіресе ауыл балаларын қолдауға басымдық беріп отыр .

"100 ауыл" жобасы аясында еліміздің түпкір-түпкіріндегі 100-ден аса мектеп спорттық жабдықпен қамтылды. Бұл «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы қаржыландырған ауқымды жобаның бірден-бірі. Бастамашы әрі отандық балуан Сергей Цырульников балаларды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, дәстүрлі спорт түрлерімен таныстырды. Шара шалғай ауылдардағы 30 мыңнан астам баланы қамтыды. Жобаның маңыздылығын ел Президенті Қазақстан халқы ассамблеясының XXXII сессиясында атап өтті.

Сергей Цырульников, балуан, төрт дүркін әлем рекордшысы:

- Қазір біз тағы бір әлеуметтік жобаны іске қостық. «Конструктор – зияткерлік сыныбы» үш бағыттан тұрады. Олар: шахмат, тоғызқұмалақ және ерекше балаларды қоғамға бейімдеу. Яғни ауыл-аймақта арнайы жабдықталған сыныптар ашылады.

- Бұл жасөспірімдер мен ересектер арасында ақыл-ой спортын дамытуға арналған әлеуметтік жоба. Инклюзивті әрі тең құқылы қоғам құру идеясының бір бөлігі. «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы көру қабілеті нашар балаларға арналған балабақша ашу бағдарламасына да қолдау білдірді.  

Әлия Қағбат, "Дара" қайырымдылық қорының PR-менеджері:

- Жоба аясында біздің қор аталған мекемелерге арнайы құрылғылар сатып алады, оның ішінде ойыншықтар бар, тренажер бар балаларға оқуын жеңілдететін. Арнайы сыныптар және топтары бар мектептер мен балабақшаларда, инклюзивті сыныптарда психологиялық педагогикалық қызмет бар. Соны қалыптастыруда біздің фонд жұмыс істеді.

Былтыр "Сәтті Жұлдыз" отандық спортты дамытуға 3,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Ал компания жұмысы басталғалы бұл бағытқа 7 млрд теңге жұмсалды. Сондай-ақ "Қазақстан халқына" қорына биыл 1 млрд теңге аударылды.