Президент БҰҰ делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерін қабылдады.

Олардың қатарында Бас хатшының орынбасары – Армида Алисджабан, Бас хатшының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчи және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Ивана Живкович болды. Кездесуде Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесін жан-жақты реформалаудың қажеттігіне және осы органның өкілдігін кеңейтудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымымен күш біріктіруге ниетті екенін растады. Бүгінде елде ұйымның 20-дан астам бөлімшесі жұмыс істеп жатыр.