Шүлбі гидроэлектр станциясына қауіп төніп тұрған жоқ
Абай облысының төтенше жағдай департаменті халықты әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа емес, тек ресми дереккөзге сенуге шақырады.
Осыған дейін Шүлбі гидро-электр станциясына қауіп төніп тұрғаны жайлы ақпарат тараған еді. Бұл шындыққа жанаспайды. Құтқарушылардың айтуынша, қазір мұндай қауіп жоқ. БАҚ пен әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан азаматтар заң аясында жазаланатынын еске саламыз.