Ағаш материалдарын елден шығаруға салынған тыйым қайтадан ұзартылды
Ағаш материалдарын елден шығаруға салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды.
Бұйрықты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітті. Әзірге шектеулер желтоқсанның 10-на дейін созылады. Дегенмен, құжат темір жол немесе трамвайға арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдарын шығаруға әсер етпейді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресей елден ағаш материалдарын шығар үшін Кулунда, Веселоярск және Ольховка шекаралық өткізу пункттерін ашқаны жайлы ақпарат тараған еді.