Абай облысында өрт сөндірушілердің саны артты

Абай облысында құтқарушылар алты күн бойы алапат өртпен арпалысып жатыр.

Екпінді жел қызыл жалынды ауыздықтауға мүмкіндік берер емес. Осыған орай өрт сөндірушердің қатары 300-ге тарта адамға толықты. Қазір оқиға орнында 1800-ге жуық адам, 345 техника мен 15 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндірушілерге бұрын осы салада еңбек еткен азаматтар да көмекке жетті. Мысалы Астанадан 12 адам 3 техникамен жәрдемдесуге келген.

Азамат Әбдікәрімов, волонтёр:

- Үш техниканы бөліп, осы жаққа кеше сағат кешкі 17:00-де келдік. Сонымен бірден жауынгерлік участокке жіберді. Өрт желге байланысты күшейіп жатыр. 04:00-ден 10:00-ге дейін жұмыс істедік. Жігіттерді демалдырайық деген едік. Қайтадан күшейіп жатқан соң қайтадан жігіттерді көтеріп позицияға келдік.