Ақмола облысында балалар арасында қызылша ауруы өршіп барады

Жыл басынан бері аймақта 24 балғыннан осы дерттің белгісі анықталып, соның 12-і лабораториялық тұрғыда расталды.

Қазір балалар дәрігерлердің бақылауына алынды. Ауруды жұқтырғандардың көбі түрлі себеппен екпе алмаған. Мамандар болса, тұрғындарға қызылша вирусты жұқпа екенін айтады. Сол себепті ата-аналарға баланың қызылшаға қарсы егілгенін тексеруді және аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда дереу дәрігерге қаралуды еске салады.

Серік Омарханов, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Ауру анықталған 12 науқастың 70% екпе алмаған. Көбінің ата-анасы қарсы болған. Қазір балаларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайлары қалыпты. Бұл дертті жеңудің бірі жолы – вакцинация. Сондықтан екпе алудан қашпау керек.