Омбудсмен Абай облысында балалармен кездесті
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Абай облысындағы эвакуациялық пункттерге барды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Омбудсмен Қаштақ, Половинка, Талица ауылдарынан уақытша көшірілген тұрғындармен кездесіп, жасөспірімдерге жасалған жағдайды көрді. Қазір өңірдегі эвакуациялық пункттерге 180-дей адам орналасқан. Оның 74-і – бала. Динара Закиева жасөспірімдерге тәттілер таратып, кітап сыйлады.
Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
- Осындай жағдайда біз бәріміз бірге болуымыз керек. Отбасылармен, балалармен болуымыз керек. Сонымен қатар біз эвакуациялық пункттерге келдік. Жағдай жасалған. Жергілікті атқарушы органдар балларға арнайы бағдарламалар құрды.
Динара Зәкиева өрт кезінде қайтыс болған отбасы мүшелерімен де кездесті. Әкелері табиғи апат кезінде қаза тапқан балалардың жағдайы үнемі бақылауда болатындығын жеткізді. Уәкіл Семейдегі өзге де эвакуациялық пункттерде болып, азық-түлік пен қажетті заттарды табыстады.