Жаңаөзендік мұнайшылар жұмысқа тұрады
Көктемде наразылыққа шыққан «БерАли Маңғыстау» компаниясының бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа тұрғызу туралы келісім жасалды.
Бұл жөнінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Мұнайшыларды «Мөлдір Мұнай Сервис» компаниясына ауыстырады және олардың бұрынғы еңбек жағдайлары сақталады, - деп сендірді «ҚазМұнайГаз».
Еске салайық, биыл 10 сәуірде жаңаөзендік 70-ке жуық мұнайшы астанаға келіп, Энергетика министрлігінің алдында «Өзенмұнайгаз» ұжымын жұмысқа орналастыруды талап еткен. Оларды полиция ұстаған. 11 сәуірде мұнайшылардың өкілдері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының аппарат басшысымен келіссөз жүргізді. Жиында олар жаңаөзендіктерді басқа да жұмыс орындарымен қамтамасыз ету туралы келіскен еді.