Алматыда үш адамнан иммунитет тапшылығы вирусы анықталды

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында, үш науқастан адамның иммунитет тапшылық вирусы инфекциясы анықталды.

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Анықталған фактілер негізінде комиссия құрылып, инфекцияның берілу көздерін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізілген. Тексеруден өткен донорлар мен медицина қызметкерлері және байланысқан адамдардың сараптамалары теріс нәтиже көрсетті. Ережеге сәйкес, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы комиссия қорытындысын Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берді. Департамент бүгін Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандарын тарта отырып, орталық ауруханада жоспардан тыс тексеруді бастап кетті. Оның нәтижесі бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайды.