Алматыда Орталық Азия аймақтық форумы басталды
Алматыда Орталық Азия, Кавказ, Моңғолия және Ауғанстан елдерінің аймақтық форумы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жиынға 10 елдің бизнес өкілдері қатысып жатыр. Олар аймақтағы геосаяси жағдай аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, бірқатар панельдік отырыс өткізеді.
Форумда экономика, геосаясат, IT-сала, адами капитал және туризм тақырыптары қозғалады. Қатысушылар Орталық Азия аймағындағы әйелдер көшбасшылығы мәселелерін де талқылайды. Тәлімгер әйелдер саяси жағдайда бизнесті жүргізу бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.
Сардор Мухамедалиев, форумға қатысушы:
- Біріншіден, бұл бизнесмендерге көбірек ынтымақтасуға, көбірек араласуға мүмкіндік береді. Яғни, CAMСA аймақтық бизнес-форумы сияқты платформалар адамдардың бір-бірімен араласуы үшін жақсы алаң болып табылады. Біз аймақтың қандай мүмкіндіктері бар, болашағы қандай екенін талқыладық. Серіктестер таптық.