Қазақстандықтар Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге ₸500 млн жинады
Қазақстандықтар Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккендерге 500 миллион теңге жинап берді.
Төтенше жағдайдан кейін ашылған арнайы есеп-шотқа осынша қаржы аударылған. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар өңірлерден азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтар толастар емес. Қазір олар «Ақ Ертіс» қорының қоймасынан тұрғындарға үлестіріліп жатыр. Ал тез бүлінетін тағамдар өртпен күресіп жатқан құтқарушыларға, орманшыларға және әскери қызметкерлерге жеткізіледі.