Абай облысындағы алапат өрт кезінде 100-ден астам волонтёр жұмыс істеді

Абай облысындағы алапат өрт ешкімді бейжай қалдырмады.

Еліміздің барлық өңірінен көмек қолын созып жатқандардың легі толастар емес. Қызыл жалын өршіген кезде оқиға орнында 100-ден астам волонтёр жұмыс істеді. Шымкенттен қоғам белсендісі Құрмет Талапқазы да арнайы келіпті. «Осындай сын сағатта елдің жанынан табылу, қол үшін созу азаматтық парызым», - дейді ол.

Құрмет Талапқазы, волонтёр:

- Мен өзім қолымнан келгенше ешқандай аға-бауырларыма айтпай бетперде, су, бірнеше дана өрт сөндіруге киетін киімдер әкелдім. Өзімнің қолымнан келгенше, бастысы, өзімнің еңбек күшіммен өрт сөндіруші ағалармен жұмыла бірігіп, осы жерде өртті сөндіруге келгем. Сөйтіп ендңі осы ел-жұрттың ықласымен, осы аға-бауырлардың бірлігімен өрттің сөнгеніне өте қуанып. Ендігі қасіретті күн болмаса екен.