Қазақстанда алғаш рет әкелер күні атап өтіледі

Қазақстанда алғаш рет әкелер күні атап өтіледі

Ертең елде алғаш рет «Әкелер күні» аталып өтеді.

Ұлттық академиялық кітапханада «Әкеге алғыс» тақырыбындағы клуб отырысы ұйымдастырылды. Жиында әкенің отбасындағы орны мен тұлға тәрбиесіндегі рөлі туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, кітапхана оқырмандары мен ата-аналар қатысты. Жалпы «Әкелер күні» әлемнің көптеген елдерінде аталып өтеді. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен Қазақстанда маусым айының үшінші жексенбісі әкелер күні ретінде бекітілді. Бастама отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттап, отбасы мен білім институтын нығайтуға сеп болмақ.

Нұрлан Қалқа, ақын:

- Өйткені әкелер сыртта жұмыспен жүреді де, тек аналар ғана балаларды балабақшаға тапсырып. Соларды бір сыртқа алып шығып, жексенбі күні болсын, немесе кинтеатрларға апарып, немесе кітапханаға апарып сондай баланың жанында болса деген, осындай үлкен тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өтсін деген ниетпен осы күн белгіленген шығар. Сондықтан бұл бір жақсы бастама деп ойлаймын.