Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-де дәрігерлер әулеті жұмыс істейді
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында дәрігерлер әулеті жұмыс істейді.
Рентгенхирург -Арыстан Кужукеевтің атасы да дәрігер болған. Ол Қарағанды медициналық университетінде балалар хирургиясы және ортопедия кафедрасына жетекшілік етті. Ал әкесі-кардиохирург. Кезінде Кардиология ғылыми-зерттеу институтындағы интервенциялық аритмология бөлімшесін ашқан. Арыстанның өзі әуелі Алматыда, содан соң Литва мен Англияда оқыды. Ал мамандықты Новосібірдегі Мешалкин атындағы институтта меңгерген. Ол жерде жүрекке жасалған көптеген операцияларға қатысады. Аз уақыттың ішінде ол 2 мыңнан астам операция жасап, дертіне шипа іздеген жандарға көмектесті. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Арыстан Кужукеевпен өзге де әріптестері арнайы марапаттарға ие болды.
Арыстан Кужукеев, "Кардиология және ішкі аурулар" ҒЗИ рентген хирургі:
- Медицина саласы бұрыннан ұнайды. Менің атам да, әкем де дәрігер болған. Кейбіреулер таңдауға мұрша болмады деп айтып жатады. Ал менің таңдау құқым болды. Мен медицина жайлы өзгелерден емес атам мен әкемнен естіп өстім. Сондықтан дәрігер мамандығына саналы түрде келдім.