ШҚО-да Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі өртеніп жатыр

Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінде өрт шықты.

Жалын шарпыған аумақ әлі белгісіз. Таулы жерлерде тұтанған өртті сөндіруге "Қазавиаорманды қорғау" қызметкерлері, 123 орманшы, 3 техника және тікұшақ жұмылдырылған. Қазір құрғақ шөп пен бұталар жанып жатыр. Осы сағатқа дейін тікұшақпен 10 мәрте су шашылып, тілсіз жаудың таралуына жол берілмеді. Айналадағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске сала кетсек, күні кеше Риддер қаласы маңындағы «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында» өрт шыққан. Қазір ол толық оқшауланды.