ШҚО-да орман өртімен күрес жалғасып жатыр

«Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінде» өртпен күрес жалғасып жатыр.

Таулы жерлерде тұтанған өртті сөндіруге "Қазавиаорманды қорғау" қызметкерлері, 123 орманшы, 3 техника және екі тікұшақ жұмылдырылған. Қазір құрғақ шөп пен бұталар жанып жатыр. Осы сағатқа дейін тікұшақпен 10 рет су шашылып, тілсіз жаудың таралуына жол берілмеді. Айналадағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кеткен жөн, Риддер қаласы маңындағы «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында» өрт толық оқшауланды.   

Жадыра Аманғалиқызы, ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы:

- Белсенді түрде жанып жатқан ошақтар жоқ. Жекелеген жерлерде түтін шығып жатыр. Ол жерлерде сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы өрттің таралуы тоқтатылып тұр. Бұл жерде ШҚО әкімінң орынбасары жүр.