Ұлттық ұлан академиясын 186 түлек бітірді
Ұлттық ұлан әскери академиясынан 23-ші түлектер толқыны түлеп ұшты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биыл білім ордасын 186 сарбаз тәмәмдады. Академияның жас лейтенанттарының 8-і үздік аяқтады. Жоғары оқу орнын үздік бітірген 4 түлек Мемлекеттік рәміздер күні лейтенанттық шендерін мерзімінен бұрын алған болатын.
Тәжікстан Республикасынан келген 10 сарбазға салтанатты шарада дипломдары табысталды. Енді олар әскери және азаматтық борышын өтеу үшін еліміздің түкпір-түкпіріне жіберіледі.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Әскери оқу орындарын біздің түлектер бітіріп, офицерлердің қатарына қосылғалы тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ІІІ Бүкілармиялық кеңесте туған жер аумағының тұтастығын сақтау қастерлі борыш, батыр бабаларымыз ғасырлар бойы жердің шетін жауға бастырмай, бізге мирас етті. Осы ұлы мұраны сақтау – басты біздің міндетіміз.