Астана қаласының әкімі полицияға алғыс айтты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін банк қызметкерлерін қарулы басқыншыдан құтқарған құқық қорғау органдарына, барша атсалысқан азаматтарға алғыс айтты.
Шаһар басшысы ризашылығын әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы білдірді.
Жеңіс Қасымбек, қала әкімі:
- Kaspi банкінің бөлімшесінде кепілге алынған азаматтарды құтқаруда ерекше ерлік көрсеткен полиция қызметкерлеріне, атсалысқан Ішкі істер министрлігінің басшылығына алғыс айтамын. Сол азаматтардың ширақ қимылының арқасында қылмыскер тез арада құрықталды. Кепілде болған азаматтар жапа шеккен жоқ. Дәрігерлердің тексеруінен сол жерде өтті.