Президент Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстандағы Православ шіркеуінің мемлекет пен конфессия арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ рухани құндылықтар мен дінаралық диалогты ілгерілетуге елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Президент ортақ күш-жігердің нәтижесінде елімізде көптеген этнос өкілдері мен түрлі дінді ұстанатын халықтар өзара тату өмір сүріп жатқанына назар аударды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Православ шіркеуінің діни қызметін қолдау мәселесінде конструктивті қарым-қатынасты сақтау маңызды екенін атап өтіп, әлеуметтік және ағартушылық бағдарламаларды дамыту қажет екенін айтты. Өз кезегінде митрополит Александр Қазақстанның көркейту жолында бейбітшілік пен бірлікті нығайту ісін қолдайтынын жеткізді.