Түркістанда суретшілер симпозиумы басталды

Түркістанда «ART Turkistan» халықаралық өнер фестивалі аясында суретшілер симпозиумы басталды.

Облыстық бейнелеу өнері музейі ұйымдастырған «Түркістан – түркілердің тұмары» атты іс-шараға 12 суретші қатысып жатыр.  Байқау шарты бойынша қылқалам шеберлері 10 күн бойы Түркістанның тарихын бейнелейтін көлемді сурет салуға тиіс. Суретшілердің жұмысына ТМД елдерінен келген өнертанушылар сараптама жасап, бағасын береді. Кейін олардың туындысы музей қорына тапсырылады. Симпозиум – Киелі Түркістанды өнер тілімен насихаттап, Түркі әлемінің рухани астанасын ұлықтаудың бір жолы -дейді ұйымдастырушылар. Танымал суретшілер бас қосқан симпозиум Қазақстан бейнелеу өнері музейлері қызметкерлері қатысатын ғылыми конференцияға ұласып, қылқам шеберлерінің қолынан шыққан туындылар қойылған көрмемен аяқталады.

Табысбек Толқын, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі:

- Бұл жерде Түркістан қаласының бұрынғы атауы Яссы болған. Сол Яссыны Тәуке хан Түркістан атауына өзгертіп жатқан сәті бейнеленген. Түркістан қаласы өркениеттің орасы, рухани астана болғандықтан бұл жерде бүкіл ғалымдар осы жерде бас қосып, Яссы қаласын Түркістан деп көрсетіп жатқан сәті баяндалады.