Елордада өртті сөндіруге қосымша күш жұмылдырылды

Астана іргесінде дала әлі өртеніп жатыр.

Қазір от 50 гектар аумаққа жайылған. Өрт сөнідірушілерге Ақмола және Қарағанды облыстырынан қосымша күш жұмылдырылды.

Бүгін бас қаланы көк түтін тұмшалады. Оған қала іргесіндегі өрт себеп. Дала өрті Қосшыға барар жолдың маңында таңғы сағат тоғызда тіркелген. Содан бері арнайы қызмет өкілдері тілсіз жаумен күресіп жатыр.

Батырбек Жетпісов, №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары:

-  20-25 см-дей қамыс былтырғы. Ескі қамыстар. Солар жануда. Жеке құрам өшіріп жатыр өрті. Басында келген кезде осы жер жанып жатты ма? – Иә, осы бүкіл жер жанып жатты. Оны қол құралдармен өшірдік. Бір екі ранес, хлапушка. Сонымен өшіреміз. біз бар күшімізді салып жатырмыз, өшіргенше кетпейміз.

Өртті ауыздықтау үшін мамандар секторларға бөлінген.  Әр секторға жауапты қызметкерлер беткітілді. Бірақ қатты желге байланысты оттың бетін қайтару қиынға соқты.

Елдор Райымбеков, ТЖД басқарма бастығы:

- Сол себепті біздің өрт сөндіру қызметінің мамандары қолдағы бар құралдармен өрт сөндіруге көшті. Бір-екі сағаттың ішінде өрттің таралуы ол жел екпіні 20 метр секундына дейін бола бастауы. Сол себептен өртті болдырмау үшін қосымша тез арада жеке құрам жұмылдырылды.

Жанып жатқан қамыс пен құрғақ шөп. Өрт сөндірушілер қанш арпалысқанымен, табиғаттың тосын мінезіне төтеп беру қиын. Түтін даладан қалаға жайылды.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Көк түтін қалаға қарай бет алды. Бірақ дала өртін өшіруге жел кедергі болып тұр. Бұдан бөлек, тілсіз жау, сазды батпақты аумақта таралған. Ал бұл өрттің аумағына техниканың жетуіне қиындық туғызып жатыр. сондықтан өрт сөндірушілер қолда бар құрылғылармен отпен күресуде.

Таңда басталған өртпен күрес әлі де жалғасып жатыр. Кешке қарай жел екпіні бәсеңдеді. Бұл өрт сөндірушілерге үміт сыйлағандай. Себебі жалынның бетін қайтару үшін Қорғаныс министрлігінің екі МИ-17 тікұшағы тартылды. Төтеншеліктер елордалықтарға түтіннен қорғайтын маска киіп, терезелер мен есіктерді жауып отыруға кеңес береді.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Мұрат Әріпханов