МӘМС игілігін көргендер көп
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ел азаматтары базалық анализ талдауынан бастап, құны қымбат оталарға дейінгі барлық қажетті медициналық көмекті тегін алады.
Жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология және онкология саласында жүздеген операция жасалып жатыр. Мысалы, биыл 4 айда Астана қаласы бойынша 4,5 млрд.тенге сомасына 777 кардиохирургиялық операция жасалған. Сонымен қатар, медициналық сақтандыру арқылы оңалту қызметтеріне де жүгінуге болады. Биыл бұл бағытқа 9,2 млрд теңге қаражат бөлінген.
Гуламжан Жұманов, ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалының бөлім жетекшісі:
- 2023 жылда Қор 172 медициналық ұйыммен келісім-шартқа отырғанбыз. Олардың 39 мемлекеттік медициналық ұйым, 133-і жекеменшік ұйымдар. 2022 жылда осы бойынша 2000-нан астам ота жасалған. Өткен жылы 1 қалалық ауруханада кардиология бөлімшесі ашылған болатын. Өткен жылы 230-дан астам операция жасалған болса, оның сомасы 230 млн дейін осы жолы 280 операция жасалып, 300 млн құрайды.
Мәселен, елордада жедел коронарлық синдроммен түскендерді емдеу үшін №1 көп бейінді ауруханда интервенциялық кардиология бөлімі ашылды. Өткен жылы онда 231 ота, биыл 283 операция жасалған. Бұл шаралардың бәрі медициналық сақтандыру есебінен тегін жүргізілді.
Азат Ыдырысов, кардиолог-дәрігер:
- Бұл операциялар қазіргі жоғары технологиялық құрылғылар бойынша жасалады. Бізде ангиограф аппараты бар. Екеуі бізде соңғы стандарттарға сай ешқандай кесусіз, наркозсыз жасалады. Тамырлар арқылды арнайы жүрекке арнайы катеторлар жіберіп, сол арқылы тамырларды тазарту және стенд қою жасалады.