Семей орманындағы өртпен күрескен құтқарушылар мен әскерилер үйлеріне оралды

Абай облысындағы орман өртімен күрескен құтқарушылар мен әскери қызметшілер тұрғылықты мекендеріне оралды.

Қазір оқиға орнында Экология министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қалған. Естеріңізге сала кетейік, 8 маусымда басталған орман өрті 6 күннен кейін сөндірілді.