ШҚО-да кәмелетке толмағандар жұмыс істеп жүрген орындар бақылауға алдынды
«Каникулда еңбек етіп, табыс тапқысы келетін баланың құқығы заңмен қорғалған. Оны әрбір жұмыс беруші ескеруге тиіс», -дейді жауаптылар.
Шығыс Қазақстан облысында білім саласының мамандары мен полиция және құтқарушылар бірлесіп, кәмелетке толмағандар жұмыс істеп жүрген орындарды бақылауға алды. Жұмыс кестесі, жұмыс берушінің шарты мен талабы тексерілді. Жасөсіпірмдердің еңбек уақыты аптасына 24 сағаттан аспауы керек. Оның өзінде, бұл ата анасының жазбаша келісімімен ғана жүзеге асады. Мамандар тобы шаһардағы ірі саябақтарды жиі аралайды. Себебі, онда еңбек етіп жүрген бала көп.
Әлима Ақылбек, ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Заңдылық негізінде қаншалықты қанша сағат жұмыс атқаруы керек, қанша сағат олар күнделікті өздерінің қызметін көрсету керек, сол бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз. Бұл бірінші акция емес, біз алдыңғы жұмада да жалпы осы акцияны жиі өткізіп отырамыз, балаларға көмек беру негізінде және ақпараттандыру негізінде.