Елордада мемлекеттік қызметкерлер бас қосты

«Тәлімгерлер кеңесі» атты жиында еңбек ардагерлері жастармен пікір алмасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезінде министр, әкім және басқа да жоғары лауазымды қызметте болған білікті мамандар қызықты оқиғаларын ортаға салып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Маңызды жобаларды жүзеге асыру тәсілдерін талқылап, қателіктерді түзеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мұндай диалогтық алаңдар өзге өңірлерде де өтті. Жалпы былтыр жұмысқа қабылданған 5 мыңға жуық мемлекеттік қызметкердің 179-ы басшылық лауазымдарға тағайындалыпты.

Жандос Хасен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің директоры:

- Қазіргі болып жатқан диалогтық алаңға 10-нан астам мемелекеттік қызметтің ардагерлері қатысып отыр, 70-ке жуық жас қызметкерлер келіп отыр. Яғни, бұл іс-шараның шеңберінде жас буын мен ардагерлер арасындағы сабақтастық, тәжірибе алмасу болады.